23 сәуір – Ұлттық кітап күніне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарамыз ерекше мазмұнмен, рухани тереңдікпен өтті.
Жас мамандар бас қосып, кітаптың адам өміріндегі орны, оның тұлғалық дамуға, рухани кемелдікке қосатын үлесі туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Әр қатысушы өз сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісіп, рухани білімнің маңызын атап өтті.
Шара барысында Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқылып, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер арқылы ойларымызды тереңдете түстік.
Кеш соңында ұлы ақынның жүрекке жылы, сырлы әні – “Көзімнің қарасы” орындалып, жиынның мазмұнын толықтырды.