№2 «Гүлдер» ересек тобында 1-інші жартыжылдықты қорытындылау мақсатында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында балалармен көз жаттығуы жасалып, лексикалық тақырып бойынша ойындар өткізілді. Ата-аналармен балалардың деңгейі туралы талқыланды.
Жолда жүру ережелері.
Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін арттыруға тәрбиелеу.
Бағдаршам түстерінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру. Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, «Жаяу жүргінші өткелі», «Қоғамдық көлік аялдамасы» жол белгілері туралы ұғымдарын кеңейту.
Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету. Сюжетті-рөлдік ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту.
Балаларға жол ережесін нақты білу керектігі туралы балалардың білімдерін бекіту.
Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға, жолда зейінді болу дағдыларын бойларына сіңіру. Қоршаған ортаға мән бере қарауға, байқағыштыққа, тәртіптілікке баулу.
№2 «Гүлдер» ересек тобы «Адасқан балапан» ертегісін сахналады. Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйреніп, ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауды меңгерді. Ертегі әлеміне қызығушылықтары қалыптасты.
«Жаңа жыл»
Балаларды жасыл шыршамен таныстырып, жаңа ән айтқызу арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында балаларды жасыл шыршадан шеңбер айналып жүріп еркін би билеп, ән орындалып ертеңгілік өтті.
«Менің Отаным - Қазақстан»
Мәңгілік ел -ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы . Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып , әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Бүгінде Қазақстан -тәуелсіз мемлекет.Арманымыз орындалған кезең. Еліміздің өз әнұраны , президенті , рәміздері, валютасы бар. Осы орайда балақайлармен Тәуелсіздікті ұлықтау мақсатында шара өткізілген болатын. Басты мақсатымыз бүлдіршіндердің патриоттық сезімін оятып, еліне деген махаббатын арттыру.
«Көк тудың желбірегені»
Балалармен эксперимент
«Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»
Жұбын тап «Қызыл кітапқа енген жануарлар»
2023-2024 оқу жылындағы алғашқы ата-аналар жиналысы.
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
25 - қазан Республика күні.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.
«Спорт – денсаулық кепілі» атты ата-аналармен бірлескен спорттық ауықтыру кеші.
Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады.
№ 2 «Гүлдер» ересек тобы.