Құрметті түлектеріміздің ата-аналары! 🎓🔔
Алдымызда көптен күткен қуанышты сәт — мектепалды топтардың бітіру ертеңгіліктері.
Мерекенің тек жылы естеліктер қалдырып, заң талаптарына сай өтуі үшін әкімшілік төмендегі міндетті талаптарды назарларыңызға ұсынады:
🚫 Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында ақшалай қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
🚫 Бітіру ертеңгілігі барысында ата-аналар мен тәрбиеленушілер ішкі тәртіп ережелерін және қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануы қажет
Ескерту: аталған талаптар мектепалды топ тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары үшін міндетті болып табылады.
Бұл шектеулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барлық тәрбиеленушілерге тең жағдай жасау, педагогикалық әдепті сақтау және іс-шараларды ұйымдастырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді ⚖️🔍🛡️
Жоғарыда көрсетілген талаптарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біздің басты мақсатымыз — артық қаржылық жүктемесіз балаларға мектеп өміріне жасаған алғашқы қадамына арналған шынайы әрі жарқын мереке сыйлау 🌸

Құрметпен, Әкімшілік