Құрметті түлектеріміздің ата-аналары! 🎓🔔
Алдымызда көптен күткен қуанышты сәт — мектепалды топтардың бітіру ертеңгіліктері.
Мерекенің тек жылы естеліктер қалдырып, заң талаптарына сай өтуі үшін әкімшілік төмендегі міндетті талаптарды назарларыңызға ұсынады:
🚫 Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында ақшалай қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
🚫 Бітіру ертеңгілігі барысында ата-аналар мен тәрбиеленушілер ішкі тәртіп ережелерін және қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануы қажет
Ескерту: аталған талаптар мектепалды топ тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары үшін міндетті болып табылады.
Бұл шектеулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барлық тәрбиеленушілерге тең жағдай жасау, педагогикалық әдепті сақтау және іс-шараларды ұйымдастырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді ⚖️🔍🛡️
Жоғарыда көрсетілген талаптарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біздің басты мақсатымыз — артық қаржылық жүктемесіз балаларға мектеп өміріне жасаған алғашқы қадамына арналған шынайы әрі жарқын мереке сыйлау 🌸

Құрметпен, Әкімшілік

«Ақбота» арнайы б/б» КММ бос лауазымдарға конкурс өткізеді. Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы 15А. Электрондық пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., байланыс телефоны 51-75-22.
Бос лауазымның атауы:
Тәрбиеші (орыс тілінде оқытылатын топ) – 2
Дефектолог - 1
Тифлопедагог - 1
Конкурс өткізу мерзімі: 06.12.2024 жыл, сағат 13.30
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 02 желтоқсаннан 2024 жылғы 06 желтоқсанға дейін
Құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Педагогтердің білібін бағалау сертификаты (бұдан әрі - ПББ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
10. Бейнепрезентация (өтілі жоқ үміткер үшін)
Құжаттарды қағаз түрінде немесе электронды түрде Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберуді сұраймыз.