Әрбір қазақстандық кез келген мемлекеттік органға онлайн өтініш бере алады

Өтінішті Әкімдікке жазбаша түрде жіберу немесе компьютерге қолжетімділіктің 🗃Қазір Қазақстан Республикасының барлық азаматтары кез келген мемлекеттік органға «eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы бірнеше минут ішінде  онлайн өтініш бере алады

«eOtinish» - 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа ҚР Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне (ӘРПК) байланысты құрылған жаңа ақпараттық жүйе

📔ӘРПК азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын жария-құқықтық дауларды реттейді

📑«eOtinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады:  
🌐eGov/eGovmobile сайты;  
▶️Aitu мобильді қолданбасы;  
🗳Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары. 

ӘРПК Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды. 

«eOtinish-тің» артықшылықтары:  
✅Жүйеге еліміздің барлық мемлекеттік органдары қосылған, бұл көптеген өтініштерді кеңес беру сатысында шешуге мүмкіндік береді;  
✅Өтінішкер өтініштің қаралу кезеңдерін жүйеде немесе SMS-хабарламалар арқылы қадағалай алады;  
✅«eOtinish-те» өтініштердің қаралу барысы толық сақталады. Мемлекеттік органдар бұрындары қабылданған жауаптар мен шешімдерді ескере отырып, әкімшілік іс қалыптастырады;   
✅ «eOtinish» арқылы берілген өтініштер бойынша деректер талдауы азаматтардың қажеттіліктерін анықтауға және өңірлер бөлінісінде адамдардың нақты проблемаларын көруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өтініш берілгеннен кейін, мемлекеттік орган өтініш берушіге ❗️15 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Өтініш толық өңделмеген немесе жауап өтінішкерді қанағаттандырмаған жағдайда, ол шағым жолдай алады, ал мемлекеттік орган жаңа ӘРПК бойынша өз жауабының негізділігін дәлелдеуі тиіс. 

✅ 03.05.2024 ж. күні біздің 10 педагог "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған "Мектепке дейінгі білім беру методологиялық әдістемелік тәсілдер мен бала құндылықтары тұрғысынан" тақырыбындғы облыстық семинарға қатысты.

✅ Семинар аясында өткен педагогикалық олимпиадада кәсіби шеберлігі мен теориялық біліктіліктерін танытқаны үшін 3 педагог І-дәрежелі дипломмен, 5 педагог ІІ-дәрежелі дипломмен, және 1 педагог ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

✅ "Ақтөбе-Дарын ӨҒТҚББО" директоры Ж.Ж. Есенжолова біздің балабақша педагогтарының семинар барысында белсенділік танытқанын атап өтті.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті
🌍 Мекен-жайы : Әбілхайыр-хан даңғылы, 40, 1 қабат, каб. 116
☎ Телефон: 8 (7132) 55-09-68
1 (1)

Ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық ойындардың бірі асықтармен ойындар ұйымдастырылды. Балалар асықтың түрлерін, асықтың түсу қалпын үйреніп, асық ату ойынын ойнады. Түрлі түсті асықтармен түрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Содан кейін балалар ою өрнектердің түрлерін ажыратып, геометриялық пішін тәріздес оюларға сәйкес заттарды жинақтады, ою өрнекті бөлшектерден құрастырды, көлеңкесін табу жаттығуларын орындады. Наурыз туралы тақпақ, ән айтып, би биледі.

1 (1)1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1)