«Ақбота» арнайы б/б» КММ бос лауазымдарға конкурс өткізеді. Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы 15А. Электрондық пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., байланыс телефоны 51-75-22.
Бос лауазымның атауы:
Музыка жетекшісі (қазақ тілінде оқытылатын топ) – 1
Тәрбиеші (орыс тілінде оқытылатын топ) – 2
Тәрбиеші (қазақ тілінде оқытылатын топ) – 1
Қазақ тілі мұғалімі (орыс тілінде оқытылатын топ) – 1
Конкурс өткізу мерзімі: 02.08.2024 жыл, сағат 10.00
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 29 шілдеден 2024 жылғы 02 тамызға дейін
Құжаттар тізбесі:
1) Осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Педагогтердің білібін бағалау сертификаты (бұдан әрі - ПББ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Құжаттарды қағаз түрінде немесе электронды түрде Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберуді сұраймыз.
Балада вестибулярлық аппаратты қалай жаттықтыруға болады?
Көптеген адамдар қозғалмалы көлікте балаларда жиі бас айналу және тұрақсыздық шабуылдары болатынын байқады. Бұл әлі дамымаған вестибулярлық аппаратқа байланысты. Болашақта олар қозғалыстың әртүрлі түрлерін теріс салдарсыз қолдана алатындай етіп, тез қозғалатын объектілерді байқай алатындай етіп, ерте жастан бастап осы органның дамуымен айналысу керек.
Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің және Фридрих Эберт қорының (FES) Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен Жоғарғы Сот, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті, Әділет министрліктері өкілдерінің қатысуымен «ӘPПК жай ғана туралы арнайы брошюрасы әзірленді. Бұл брошюра әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘPПК) сәйкес сұрауларды өңдеу туралы ақпаратты қарапайым және қолжетімді тілде көрсетеді. Брошюра 1 Брошюра 2
Құрметті ата-аналар! "Ақбота" арнайы б/б КММ 03.06.2024 ж. күні darabala.kz сайтында ваканттық бос орындар жариялағанын хабарлайды.
Балабақшаға келгеннен кейін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Қабылдауға арналған жолдама;
2. Ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған
нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5. Баланың денсаулығы туралы анықтама;
6. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін);
Қызмет көрсету кестесі:
Аптаның дүйсенбі мен жұма күндері аралығында.
Уақыты: 09:00 - 18:30.
Түскі үзіліс 13:00 -14:00.![]()




