«Сөйлеу және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Ақбота» арнайы балабақшасы» КММ Ақтөбе облысындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған жалғыз балабақша болып табылады. Балабақша Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы 15 «А» мекенжайы бойынша орналасқан, екі қабатты, 1985 жылдан бері жұмыс жасайды.

Балабақшада сөйлеу және көру қабілеті бұзылған 120 бүлдіршін бар. Топтар саны – 10, оның ішінде сөйлеу қабілеті бұзылған 6 топ, көру қабілеті бұзылған 4 топ. Балаларда күрделі сөйлеу бұзылыстары бар: ОНР-I, ОНР-II деңгейлері (жалпы сөйлеудің дамымауы), алалия, ринолалия, кохлар имплантациясы; әртүрлі көру бұзылыстары: страбизм, амблиопия, алыстан көргіштік, туа біткен миопия, астигматизм, катаракта, глаукома, көру жүйкесінің атрофиясы және т.б.

Балабақшада «Аппараттық бөлме», «Плеоптикалық кабинет», «Монтессори бөлмесі», психолог кабинеті, логопед кабинеті, тифлопедагог кабинеті, музыка және дене шынықтыру кабинеттері бар. Балалармен осы мамандар жұмыс істейді: офтальмолог, ортоптист медбике, логопедтер, тифлопедагогтар, тәрбиешілер, музыка және дене шынықтыру жетекшілері, қазақ тілі мұғалімі.