№7 «Балапан» тобы
Қараша айының 3 күні логопед Гүлназ Ерғалиқызының "Мен баламда қонақтамын" тақырыбында ата-аналарға арналған "Бақшадағы жемістер" атты ойын әрекеті ұйымдастырылды. Балалар жеміс түрлерімен танысып, оларды жалпылама атап, иісін иіскеп ажыратып, көптік жалғауын жалғап, жәй сөйлем құрап, тұзды қамырдан алма бейнесін мүсіндеді.
№8 «Күншуақ» тобы
Қазан айының 30 күні логопед Дина Ерғалиқызының ата-аналармен бірге бірлескен "Мен баламда қонақтамын" атты ашық ҰІӘ өтті. ҰІӘ тақырыбы:"Бау-бақша көкөністері" тақырыбында өтті. ҰІӘ барысында балалармен қызықты тапсырмалар мен ойындар көрініс тапты. Ата-аналар сабақтың жүргізілу барысымен,сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен танысты. Сабақ соңында ата-аналар өздерінің пікірлерін жазып, ата-аналарға бала тілін дамытуға арналған кеңестер берілді.
№9 «Шұғыла» тобы
Қараша айының 16 күні логопед Светлана Синбаевнаның ата-аналармен бірге бірлескен «Мен баламда қонақтамын» атты ашық ҰІӘ өтті. Ата-аналар сабақтың жүргізілу барысымен, сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен танысты. Сабақ соңында ата-аналар өздерінің пікірлерін білдірді, сондай-ақ ата-аналарға сөйлеу тілін дамытуға кеңестер берілді.
№10 «Жұлдыз» тобы
Қараша айының 1 күні логопед Нұрила Найзабекқызының ата-аналармен бірге бірлесіп өткен “Мен баламда қонақтамын” атты ашық ҰІӘ өтті. Сабақ “Бау-бақша көкөністері” тақырыбында өтіп, ата-аналар сабақтың жүргізілу барысымен танысты, сонымен қатар балалармен бірге ойындарға ат салысты. Сабақ соңында ата-аналар өздерінің пікірлерін жазып, оларға баланың сөйлеу тілін дамытуға арналған кеңестер берілді.