№1 ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТ 

 
Күн тәртібі
 
1. «Естіп қабылдауды қарқынды дамытудың геймификациясы»  -  логопеды Кенжебаева Н.Н., Сақтапова Д.Е.
2. Примитивті  рефлекстерінің  интеграциясы — дефектологи Телеш А.Н.,
Сарбас С.С.
3. Мінез-құлық бұзылыстарын түзету әдістері — психолог Суликанова А.К.
4. Педагогикалық әдеп -  Кенжебаева Н. Н.
5.Буллингтің  алдын алу — психолог Суликанова А.К.
 
1 1 1
 
 

 

Логопедиялық ассорти шебер-класс

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша  2024 жылғы 18 қарашада «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша» КММ-де логопедиялық  бағыттағы шебер-класс өтті.
Шебер-  классқа Ақтөбе облысының және қаланың логопед мамандары қатысты.
Шараның мақсаты – ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістер мен технологияларды талқылау, логопедиялық жұмысты жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу.
✔   Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта, инклюзивті білім берудің әдіскері  Раисова М.А.  арнайы ұйымдарда заманауи әдістер мен технологияларды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның ішінде цифрлық платформалар, жасанды интеллект және ойын элементтері арқылы балалардың сөйлеу қабілетін дамытудың тиімділігіне тоқталды.
✔   «Ақбота» арнайы балабақша меңгерушісі  Измаева Ж.Ж.  білім беру ұйымдарындағы логопедиялық жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар,  заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізудің, соның ішінде ойын элементтері мен цифрлық құралдарды пайдаланудың ерекше балалардың дамуындағы маңыздылығын ерекше атап өтті.
✔   Тифлопедагог Куйкенова А.К,  дефектолог Сарбас С.С. ерекше балалармен жұмыс барысында жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың әдістерімен таныстырды.  
✔   Логопед Кенжебаева Н.Н.  арнайы бағдарламалар арқылы сөйлеу бұзылыстарын диагностикалау және мониторинг жасау әдістерін таныстырды. Балалармен жаңа технологияны пайдаланып, ұйымдастырылған іс-әрекетін көрсетті.
✔   «Естіп қабылдауды қарқынды дамытудың геймификациясы»жайлы логопедтер Кенжебаева Н.Н. мен Сақтапова Д.Е. есту қабілетін дамытудағы ойын тәсілдерінің маңыздылығын нақты мысалдармен бөлісті.
✔   Дефектолог Телеш А.Н. Жасанды интеллект “Ақылды айнаны” пайдаланып, толық таныстырып өтті.
✔   Психолог Суликанова А.К. сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар  балалардың әлеуметтік бейімделуі мен нейродамуы туралы ақпарат берді.

 
Шебер-класс барысында  ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру процесінде  цифрлық  технологияларды қолдану тәсілдерін көрсетті. Шебер – класс соңында логопедтер өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
 

Презентация


“Ақбота”арнайы б/б жаңа форматтағы кезекті педагогикалық кеңес өтті.

“Ақбота”арнайы б/б жаңа форматтағы педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібі QR-де көрсетілген.
Педогогикалық кеңесте жас мамандар  әріптестеріне цифрландыру идеясын, білім беру үдерісіндегі инновацияларды және ИИ-ді оқу үдерісіне енгізудің ерекшеліктерін ұсынды. Оқу-тәрбие процесінің жылдық жоспарын талқылау әр мұғалімнің максималды, жүз пайыз қатысуымен өтті.
Шешім:
1. «DICITAL KAZAKHSTAH»форматы аясында педагогикалық ұжымға инновацияларды, цифрландыруды және ИИ-ді пайдалана отырып, оқу үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік берілді.
2. Дамудың жаңа векторын, Қазақстанның стратегиясын білу. 
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды жауапты тұлға етіп тәрбиелеуге ұмтылу.
1 1 1

16.05.2024 балабақшаның  ересек топ тәрбиеленушілері көше қиылысына экскурсияға  барған болатын.

Экскурсия мақсаты: Балалардың жол қозғалысы ережелері мен жол белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың көшедегі жаяу жүргіншілерге арнлаған жолдан өту ережесі және өткел, қиылыс ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Көше туралы түсініктерін кеңейту.

 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1


«Ақбота»  арнайы балабақшасында балаларға арналған «Мен ғарышты саламын» атты сурет байқауы өткен болатын.

Мақсаты: Балалардың бойында ғарышқа , ғаламға деген қызығушылықтарын оята отырып, түрлі ақпаратты меңгерту, ғарышкерлер күнінің маңыздылығын жеткізу.

Міндеттері:

  • Балаларды шығармашылыққа деген махаббатқа , әдемілікке, өнерге баулу
  • Көркемдік бейнелеу қабілеттерін дамыту
  • Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды анықтай отырып, өзін -өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.

Ғарыш туралы суреттерді салуда  карандаш , сия , гуашь, акварель , дәстүрлі емес суреттеу техникасын пайдалануға болады және т.б

Бағалаудың негізгі критерийлері:

  • Жұмыстың байқау міндеттері мен мақсаттарына сәйкес келуі
  • Эстетикалық көрініс
  • Жұмыстар балалардың қолымен жасалуы керек
  • Міндетті түрде астыңғы оң жақ бұрышында қатысушының аты -жөні көрсетілуі тиіс (аты-жөні , тегі, тобы, жұмыс атауы)

I орын - №9   "Шұғыла" тобы ; №10 "Жұлдыз тобы"

II  орын №6 "Жидек" тобы;  №4 "Айголек" тобы №7 "Балапан" тобы ; № 1 "Әлем тобы"

III орын- №2 "Гүлдер тобы"; №5 "Алма тобы"; №3 "Ботакан тобы".

Барлық педагогтар мен балақайларды құттықтаймыз!!!!!

1 1 1 1 1 1 1


31.03.2024 жылы № 4 педагогикалық кеңес өтті. Психолог А. К. Суликанова педагогтарды ата-аналармен жұмысты талдау нәтижелерімен және “Ата-аналардың отбасындағы , балабақшадағы білім беру процесіне қарым-қатынасы туралы" сауалнамасының нәтижелерімен таныстырды. Тәрбиеші Б.А. Лебедева ҚР-дағы ата-аналармен жұмыс жөніндегі нормативтік құжаттарды еске салды. Тәрбиешілер Б.Ж. Бигельдинова, Г. Т. Утаргалиева және дене шынықтыру жетекшісі Ж. Е. Шанинов ата-аналармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ж. Е. Шанинов педагогтарды ата-аналардың "Сіздің отбасыңызда дене шынықтыру қандай орын алады" сауалнамасының нәтижелерімен таныстырды. Тифлопедагог А. К. Куйкенова мен қазақ тілі мұғалімі А.Д. Әдебиетова балалардың ата-аналарымен "Балабақша жұмысына толыққанды көңіліңіз тола ма?" тақырыбында сұхбат алды. Ата-аналардың сұхбаттарының нәтижелері бойынша ата-аналар балабақшаның жұмысына қанағаттанады. 2024 жылдың көктемінде педагог-сарапшы тәрбиешілер М. С. Хайретдинова, М. Ж. Айжанова, Г. С. Кульмурзина, логопед Г. Е. Құрманова; педагог-модератор тәрбиешілер Г. С. Идрисова, Ю. А. Макеева, логопед Р. Б. Нугметова біліктілік санатын беру рәсіміне қатысуға ниет білдіргенін хабарлады. Шешілді: Барлық педагогтер (біліктілік санатын беру рәсіміне қатысуға ниет білдіргендер) біліктілік санатын беруге ұсынылады Ескерту: Педагогикалық кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады. Шешімге қарамастан, педагог біліктілік санатын беру (растау) рәсіміне қатысуды жалғастырады. Түпкілікті шешімді тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы қабылдайды.

PHOTO 2024 04 22 11 03 59


28.02.2024 жылы № 3 әдістемелік сағат өтті. Психолог А. К. Суликанова педагогтарды "ҚР-дағы бала құқықтары туралы" Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды. Ол ата-аналармен өзара әрекеттесудегі педагогикалық этика ережелерін, сондай-ақ педагогикалық этиканы бұзу ретінде қарастырылатын тыйымдарды еске түсірді. Қазақ тілі мұғалімі А. Д. Әдебиетова балаларға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, отбасылық құндылықтарды, отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында балабақшада "Аталар мектебі" бейнероликтер қаралымы ұйымдастырылатынын еске салды. Тақырыптары: "Менің ақылды атам", "Менің талантты атам", "Менің атам Батыр!"(Медальдар, грамоталар)," Атам менің ең жақын досым " (бірлескен ұлттық ойындар). Әдіскер Жумагазина Г. К. "Топтағы балалардың ойыны мен қарым-қатынасы кезінде шу деңгейін төмендетуге арналған ойындар" атты дөңгелек үстел өткізді, балабақша тобындағы мектеп жасына дейінгі балалардың шуы туралы алты ережемен таныстырды, педагогтар шу деңгейін төмендетуге арналған ойындарды көрсетті және осы немесе басқа ойынның қаншалықты тиімді екенін , оны балалармен жұмыста қолдануға болатынын талқылады.

PHOTO 2024 04 22 11 00 57


31.02.2024 жылы "Ақбота" балабақшасында №3 педагогикалық кеңес мынадай тақырыпта өтті: "ЕББҚ ететін балалардың дамуында нәтижеге қол жеткізуге және жеткізбеуге әсер ететін факторлар" Әдіскер Жумагазина Г.К. педагогтарды "Мамандар мен тәрбиешілердің өзара бірлесе әрекет етуі" сауалнамасының нәтижелерімен таныстырды. Сауалнама нәтижелері бойынша мұғалімдерге келесі мамандардың кеңестері қажет: * "Қазақ тілі" ҰІӘ өткізу құрылымы мен әдістері бойынша қазақ тілі мұғалімінің кеңесі * РАС балаларымен жұмыс істеу жөніндегі психологтың, дефектологтың кеңесі. * гиперактивті балалармен жұмыс істеу бойынша психологтың кеңесі. Меңгеруші Измаева Ж. Ж. "Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту үшін атрибуттардың қамтамасыз етілуі» (математика негіздері)" тақырыптық бақылау нәтижелерімен таныстырды. Бақылау нәтижелері бойынша I орынды келесі топтар иеленді - №3 "Ботақан", №9 "Шұғыла"; II орынды - №8 "Күншуақ" тобы; III орынды - №1 "Әлем", №2 "Гүлдер", № 4 "Айгөлек", №5 "Алма", № 6 "Жидек", №10 "Жұлдыз". Психолог А. К. Суликанова ҚР ПМ 19.09.2023 № 294 бұйрығын "Біртұтас тәрбие бағдарламасы", тәрбиенің мақсатын, құндылығын (ұлттық мүдде, ар-ұят, талап) еске салды. Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруға егжей-тегжейлі тоқтала отырып, әдіскер биыл біздің қаламыздың мерейтойын атап өту үшін алдын ала жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті. Содан кейін әр шығармашылық топ кейс қорғады. Топтардың сөздерінен кейін инновацияны пайдаланудың мүмкіндіктері туралы педагогтар пайдалы кеңестер алды.

09 4 09 4 09 4 09 4 09 4 09 4 09 4


17.01.2024 ж. күні "Арнайы педагогтар кабинеттеріндегі пәндік-кеңістіктік даму ортасы" тақырыбында әдістемелік сағат өтті. Әдіскер Жумагазина Г.К. балабақшадағы тәрбие-білім беру процесі талаптарға сәйкес келетін пәндік-дамыту ортасын дұрыс ұйымдастыру есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті. Даму ортасы бағдарламаның міндеттерін іске асыруды, сондай-ақ ЕБҚ бар балалардың бұзушылықтарын түзетуді қамтамасыз етуі керек. Содан кейін дефектологтар Телеш А.Н., Сарбас С.С., тифлопедагог Куйкенова А.К., психолог Суликанова А.К., логопед Сақтапова Д.Е. кабинеттерді таныстырып, аймақтарды және олардың жабдықталуын көрсетті. Педагогтар мамандардың кабинеттерінде пәндік-кеңістіктік даму ортасы бойынша ұсыныстар берді. Музыка жетекшісі Старикова Ю.В. өзін-өзі тәрбиелеу бойынша педагогикалық жұмыс тәжірибесімен, өзін-өзі тәрбиелеу процесін құрайтын қызмет түрлерімен, сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеу нәтижелерін ұсынудың нәтижелері мен формаларымен бөлісті.

09 1 09 1 09 1


2023 жылдың 29 қарашасында балабақшада «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен жұмыс» тақырыбында №2 педагогтар кеңесі өтті. Әдіскер Жумагазана Г.К. мұғалімдерді «Ата-аналармен жұмыс қорытындылары» тақырыптық бақылау нәтижелерімен және бірінші тоқсандағы мұғалімдер рейтингімен таныстырды. Әдіскер педагогтардың бірлескен түрде көп жұмыс атқаратынын, ата-аналардың барлығы дерлік ата-аналар жиналысында болып, педагогтармен, мамандармен топтық және жеке сабақтарға қатысқанын атап өтті. Барлық топтар жоғары ұпай жинады. Ата-аналар тарапынан балабақша жұмысы туралы оң пікірлер айтылды. Әдіскер мұғалімдер рейтингінің қорытындысымен де таныстырды:

І орын  №1 «Әлем», №3 «Ботақан», №4 «Айгөлек» топтары;

ІІ орын – №5 «Алма» тобы;

ІІІ орын – №9 «Шұғыла», №10 «Жұлдыз» топтары иеленді.

Одан кейін педагогтар «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен жұмыс істеу формалары» тақырыбында кейс қорғады. Мұғалімдер жағдайлар мен проблемаларды қарастырып, ұсынылған жұмыс формаларымен таныстырды және мәселені шешудің ықтимал жолдарын талқылады.

Психолог Суликанова А.К. «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына сәйкес , педагогтерге  педагогикалық әдептің негізгі қағидаларын еске салды. Алтыншы қағидатты– кәсіби ынтымақтастыққа толығырақ тоқталдық.


"Күздің үздік фотоаймағы "байқауының нәтижелері. Келесі критерийлер бойынша бағаланды: 1) балалардың қатысуы 2) фотосессия 3) күздің 10-12 атрибутының болуы. Қазылар алқасының мүшелері: б/б әкімшілігі, б/б психологы. Қазақ тілінде оқытатын топтарда: l орын-3 топ, ll орын -2 топ, lll орын-7, 8, 10 топтар. Орыс тілінде оқытатын топтарда: l орын-1 топ, ll орын-5 топ, lll орын-4, 6, 9 топтар.


26.10.2023  жылы  «Ақбота»  балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дамуы. Сүйемелдеу нәтижелерін, тәрбиеленушінің даму динамикасын талқылау»  тақырыбында әдістемелік сағат өткен болатын.

Дефектологтар А.Н Телеш , С.С Сарбас педагогтарды сенсорлық тапшылық нәтижелерімен таныстырды. Дефектологиялық ойындар мен қозғалыс жаттығулары көрсетілді.  Дене шынықтыру жетекшілері Ж.Е Шанинов , Н.А Жаңғырбай балалардың қозғалыстың негізгі түрлерін игеруі , балалардың даму динамикасы және жеке сабақтарда қалай жұмыс жүргізілетіні туралы айтылды .

Логопедтер Н.Н Кенжебаева , Д.Е Сақтапова , тифлопедагог А.К Куйкенова сөйлеуді дамыту , кеңістікті бағдарлау  бойынша ойындар мен жаттығуларды   көрсетті.

Қазақ тілі мұғалімі Әдебиетова А.Д педагогтарды «ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914  «ҚР-да Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысымен және «ҚР Министрлігінің 19.09.2023 жылғы ЖОО басқа  білім беру ұйымдарындағы «Бірыңғай тәрбие бағдарламасы»  №294  бұйрығымен таныстырды.


2021 — 2022 оқу жылының жылдық жоспары

Жазғы жоспар

Loading...