Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарының объектілері (мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары; жалпы білім беретін мектептер, орта-арнайы және жоғары оқу орындары, мамандандырылған білім беру ұйымдары; балалар үйлері) террористік тұрғыдан осал, адамдар көп жиналатын объектілер санатына жатқызылады.
Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл:
-терроризмнің қауіптілігін түсіндіру;
-террористер өз көзқарастары мен идеяларын насихаттауды солардың көмегімен жүзеге асыратын нысандарды, әдістерді және амалдарды әшкерелеу;
-қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;
-терроризм профилактикасында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру;
-терроризмді қолдаудың әлеуметтік базасын қысқарту мақсатында жүзеге асырылады.