2024 жылдың 16 мамырында №17 орта мектеп-гимназиясына орыс тілінде оқытатын мектепалды даярлық топтары тәрбиеленушілері экскурсия жасады.   Тәрбие ісінің меңгерушісі балаларды қарсы алып, экскурсия жүргізді. Балалар өздерін нағыз оқушы ретінде сезініп, сыныптарды аралап, мектеп партасына отырып, смарт тақтада ойын ойнады және мұғалімнің сұрақтарына жауап берді; Мектеп кітапханасын, спорт зал, акт зал, асхананы араладық.   Балалар балабақшаға қуанышты әсермен оралды.  Көпшілігі мектепке тезірек барғысы келетіндерін айтты. Балалар үлкен қуанышпен «Менің болашақ мектебім» тақырыбына суреттер салды.

1 1 1 1 1 1 1 1


15.05.2024 жылы  мектепалды ұйымдарының ата-аналары және тәрбиеленушілермен бірлескен спорттық іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: ҚР теннисті дамыту, салауатты өмір салтын ұстану , баланың спорттық қабілеттерін, ойындарын, әдіс-тәсілдерін дамыту, тәжірибе жинақтау

1 1 1 1

 


Тақырыбы: "Ақтөбе-Дарын ӨҒТҚББО" облыстық семинары ✅ 03.05.2024 ж. күні біздің 10 педагог "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған "Мектепке дейінгі білім беру методологиялық әдістемелік тәсілдер мен бала құндылықтары тұрғысынан" тақырыбындғы облыстық семинарға қатысты. ✅ Семинар аясында өткен педагогикалық олимпиадада кәсіби шеберлігі мен теориялық біліктіліктерін танытқаны үшін 3 педагог І-дәрежелі дипломмен, 5 педагог ІІ-дәрежелі дипломмен, және 1 педагог ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. ✅ "Ақтөбе-Дарын ӨҒТҚББО" директоры Ж.Ж. Есенжолова біздің балабақша педагогтарының семинар барысында белсенділік танытқанын атап өтті.

1 2 3 4


KAZAKHSTAN TENNIS FEDERATION. Ақтөбе қаласында балабақшалар арасындағы топтық бірінішілікке қатысқаны үшін «Ақбота» арнайы балабақшасы марапатталады. 2023-2024 жж

1 2 3


Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі-1929 жылы жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен ұйымдастырылған өлке тарихына арналған көрме негізінде ашылды. Мектепалды тобының балақайлары ата-аналар, тәрбиешілермен бірге тарих қойнауына бір үңіліп қайтты.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17


Ақтөбе облыстық планетарий . Планетарий ғаламның керемет көріністерінің тоғысатын жері демекші аспан әлемінің ғажайып бейнелері мен суреттерін балабақшамыздың ең кішкентай бүлдіршіндері тамашалап қайтты. Бұл саяхат ғарыш пен ғалам көріністеріне тамсанған  балалар үшін   толассыз жағымды эмоцияға толы болды.

1 2 3 4


Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрына балабақшамыздың бүлдіршіндері барып қайтты.  Ерекше мүсінді, көлемді көптеген қуыршақтардың қойылымын тамашалады. Түрлі сәнді қуыршақ кейіпкерлерінің саны шексіз көп.

1 2 3 4 5 6 7


Балабақшамызда ата-аналардың және топ тәрбиешілерінің бастауымен Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына керемет қойылымдардың бірін тамашалауға барған болатын. Балақайлар керемет көріністің көрермендері болып қайтты.

2024 жылдың сәуір айынан бастап «Ақбота» балабақшасы Ақтөбе үстел теннисі орталығымен бірлесе жұмыс жасайды.

1 2 3 4 5


2024 жылдың сәуір айынан бастап «Ақбота» балабақшасы Ақтөбе үстел теннисі орталығымен бірлесе жұмыс жасайды.

1 1 1 1 1 1

 


«Қызыл доп» турнирінің мақсаты – жас ойыншылардың жасына, қабілетіне, сеніміне және жарысқа деген ынтасына сәйкес алға жылжуға мүмкіндік беру, сондай-ақ спорттық шеберлікті одан әрі жетілдіру және ең мықты жас спортшыларды анықтау.

1

 


Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы теннис турнирі «Теннис бойынша ОСДЮСШ» КММ "Теннис федерациясы"  РҚБ АОФ 2024 жыл 14.02-15.02 аралығында өтті.  Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз.

I орын-Өтебай Айжұлдыз.

III орын - Байзақ Саида, Маратов Қайсар.

16 3 16 3 16 3 16 3 16 3 16 3


Ақтөбе қаласының "Теннис федерациясы" РҚБ АОФ 2024 жылғы қаңтарда " Мен теннис туралы не білемін? - 2024 " Ақтөбе қаласының балабақшалары арасында зияткерлік сайысын өткізген болатын. Байқау жеңімпаздары: Хан Лаура - 2 орын: Елибаева Беназир, Зарлыханов Дархан, Рзабек Мадияр — 3 орын иегерлері атанды.

14 24 14 24 14 24 14 24 14 24 14 24 14 24


2023 жылдың 30 қарашасында «ОСДСЮШ Теннис мектебі» КММ, «Теннис федерациясы» АОФ РОО  балабақшалар арасында «Қызыл доп» шағын теннис турнирі өтті. Қыздар турнирінде Елібаева Беназир 1 орын; Өтемай Айжұлдыз, Байзақ Саида  ІІІ орын иегерлері атанды.

Ұлдар арасындағы турнирде Рзабек Мадияр мен Қалмұратов Рахманәлі II орынды иеленді.

Жұбаназаров Шухрат, Әділ Диас, Құрманғазин Әлім, Дүйсенбаева Айжан қатысқаны үшін грамота алды.  Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!


6 қараша күні балабақша тәрбиеленушілері №17 мектеп гимназиясына экскурсия жасады

6 қараша күні балабақша тәрбиеленушілері №17 мектеп гимназиясына экскурсия жасады. Балалар кітапханада , дене шынықтыру және акт залында болды. Дене шынықтыру алаңында жаңа  балаларға арналған қондырғыларды қызықтап, жүгіріп жақсы әсер алды. Сонымен қатар бірінші сынып оқушыларының оқу процессіне қатысты. Бұл балалар үшін  естен кетпейтін , керемет экскурсия болды.

 

 

15 қараша күні «Айголек» тобының тәрбиешілері ата-аналармен бірлескен түрде Б.К Дебуля атындағы облыстық шығармашылық музейін тамашалауға барған болатын .

Балалар музейде әртүрлі кереметтей сурет туындыларымен танысты. Көрмеде Қазақстанның белді тұлғаларының порттерін  , сонымен қатар жаңартылған мазмұндағы пейзаж , картиналарды тамашалады. Ата-аналар мен балақайлар суретшінің ғажап суреттерінен оң әсер алып, лебіздерін білдірді.


Республика күні- халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды арттыруға  арналған жарқын мереке.

Балабақша тәрбиеленушілері Республика күніне орай Байганин атындағы балалар кітапханасына экскурсия жасады. Экскурсия барысында балалар түрлі кітаптармен , қызықты ақпараттармен  танысты. Жаңартылған QR  кодтармен бейне , аудио кітапшалар ұсынылды.  Балалар мерекеге орай әнұран айтып, жаттаған тақпақтарын , жыр шумақтарын айтып берді .