Мектеп жасына дейінгі балаларда адалдықты қалыптастыру
Заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрық
РҰҚСАТНАМАЛЫҚ ТӘРТІПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жұмыс тәртібі:
- балабақшаның жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 08:00-ден 18:30-ға дейін;
- ас әзірлейтін бөліктің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 6:00-ден 18:00-ге дейін;
- меңгерушінің қабылдау күні: дүйсенбі, бейсенбі 15:00-ден 18:00-ге дейін.
Балабақшаға кіру режимі:
- қызметкерлер – 08:00-ден 18:30-ға дейін;
- ата-аналар (заңды өкілдер) тәрбиеленушілермен - таңертең 08:00-ден 09:00-ге дейін және кешкі сағат 16:00-ден 18:30-ға дейін;
- келушілер – 8:00-ден 17:00-ге дейін.
Балабақшаға кіру келесі жолдармен жүзеге асырылады:
- телефонмен, бейнедомофонмен, дабыл түймесімен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған балабақшаның орталық кіреберісі арқылы.
- қызметкерлер үшін - бейнедомофон арқылы;
- тізімдерге сәйкес бақылау өткізу пункті арқылы тәрбиеленушілері бар ата-аналар (заңды өкілдер) үшін;
- келушілер үшін балабақша меңгерушісінің, оны алмастыратын тұлғаның немесе келушілерді тіркеу журналында жазбасы бар күзет бастығының орынбасарының рұқсатымен ғана. Сапардың мақсаты алдын ала анықталады.
Балабақшамызда 13.09 күні акпараттық, түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурс және нақты критерийлер бойынша жүзеге асырылады. Айта кеткен жөн, аталған өзгерістер педагогтерді жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық, тәуекелдерін жою және жұмысқа қабылдау кезінде меритократия қағидаларын қамтамасыз етуге бағытталған.
13 қыркүйек күні "Ақбота" арнайы балабақшасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысына сәйкес педагогтармен белгіленген тармақтар негізінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алаяқтыққа қарсы күрес , сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, бала құқықтарын қорғау бақылау іс-жөнінде ақпараттық материалдар ұсынылды.