Балабақшамызда 8-наурыз аналар мерекесі атап өтілді.
Біздің балабақшамызда 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Қазақ топтарындағы музыка жетекшісі Төлеген Н.Ә. «Ана-өмір шуағы!» атты ертеңгілігін жүргізді. Мереке «Бәрінен мықты» шоу бағдарлама форматында өткізілді.
8 наурыз – жадыраған шуақты көктемнің басты мерекесі. Ардақты ана, аяулы әже, қыздардың ғажап мейрамы. Жас мамандар атаулы мерекеге өздерінің үлесін қосып, шоу бағдарламада баладарды одан әрі ашып, мүмкіншіліктерін көрсетуге жағдай жасады. Әр түрлі қызықты ойындар ойнатылып, балалардың аналарға дайындаған ерекше видеоларын экранға көрсетті. Балалар арнайы дайындаған әндерін айтып, би көріністерін қойды. Мерекеде балалар арнайы түрде мақтау қағазымен марапатталды. Балалар мен аналары ғажайып бағдарламадан ерекше әсер алып , жақсы эмоциялармен , мәз-мейрам болып қайтты.
Біздің балабақшамызда жаңа жыл мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Қазақ топтарындағы музыка жетекшісі Төлеген Н.Ә. «Қош келдің Жаңа жыл!» атты ертеңгілігін жүргізді.
Жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін басты мерекесі екені белгілі, балдырғандарды сиқырлы ертегілер әлеміне жетелейтінін ғажап мейрам. Жас мамандар атаулы мерекеге өздерінің үлесін қосып, балаларға ертегілер әлеміне түсуге мүмкіндік жасап, әр түрлі кейіпкерлер рөлін алып шықты. Ақ ұлпа , Қар ханшайымы, Қар перизаты, Түн ханшайымы, Аққала сынды ғажайып кейіпкерлер балаларға ұмытылмастай сезімдер мен көңіл –күй сыйлады. Балалар арнайы дайындаған әндерін айтып, би көріністерін қойды. Мереке соңында көптен күткен Аяз атамыз келіп, балаларға дайындаған сыйлықтарын ұсынды. Балалар ғажайып ертегіден ерекше әсер алып , жақсы эмоциялармен , мәз-мейрам болып қайтты.
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Осы орайды биылғы жылы балабақшамызда Наурыз мерекесі арнайы "Қазанғап" балалар өнер мектебінің жас буындарының әнімен басталды. «Наурыз думан» әнімен Зайну Ализа және «Наурыз көктем» әнімен Соколова Алина, Чустиль Анна шырқаған болатын.
Мерекелік шара қазақтың ұлттық аспаптары домбыра мен қобыз әуендерінің үнімен көркейе түсті. Сейтов Адият. Н.Тлендиевтің «Әлқисса» күйін және Рахатқызы Аяулым «Жастар биі» атты халық күйін орындады. Шара жоғары деңгейде өтті.
Сонымен қатар ерекше алғысымызды білдіреміз:
«Бір бала» әні Серяковская Амалия /Горюнова С.В./
«Домовенок» әні Шарафан Ксения /Горюнова С.В./
«Детство» әні Отт Анна /Горюнова С.В./
«Радуги-дуги» әні Соколовская Злата /Горюнова С.В
«Нұрлы көктем» әні Ашейчик Яна /Горюнова С.В./
Баян. Попурри. Орынбасаров Әди /Жайшлыкова Ж.Ж./
Строева Екатерина /Горюнова С.В./