#аталармектебі
Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін арттыруға тәрбиелеу.
Бағдаршам түстерінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру. Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, «Жаяу жүргінші өткелі», «Қоғамдық көлік аялдамасы» жол белгілері туралы ұғымдарын кеңейту.
Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету. Сюжетті-рөлдік ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту.
Балаларға жол ережесін нақты білу керектігі туралы балалардың білімдерін бекіту.
Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға, жолда зейінді болу дағдыларын бойларына сіңіру. Қоршаған ортаға мән бере қарауға, байқағыштыққа, тәртіптілікке баулу.
«Отаным тәуелсіз – Қазақстаным»
Балғын балалардың бойында отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында еліміздің тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған патриоттық ұйымдастырылған қызмет өтті.
Жас ұрпақты көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеру, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей білу үйретілді.
Республика күні
25- қазан Республика күніне орай балалардың отанына деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ойын қызметі ұйымдастырылды. Балалар бейне материалдарды тамашалап,отан туралы тақпақтарын,әндерін айтты.Танымдық, ұлттық ойындар ойнады.
Ата-аналар жиналысы
Бала тәрбиесінде отбасы мен балабақшасының ынтымақтастығын нығайту мақсатында ана-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Кездесуде ата-аналар балалардың күнделікті балабақша өмірінен қызықты сәттерін тамашалап, топқа қатысты барлық мамандармен танысып, жүргізілетін түзету жұмыстарының элеметтерін қарады.
Спорт – денсаулық кепілі
«Шынықсаң шымыр боларсың» атты спорттық сауықтыру кеші өткізілді. Балалар мен ата-аналарға арнап қимыл қозғалыс пен іс-әрекеттің және сөйлеу қабілетінің үйлесімділігін қалыптастыру ретінде түрлі эстафеталық қимылдық ойындар ұйымдастырылды.