№8 «Күншуақ» тобында 2 ақпан күні кезекті ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтті. Бала, ата-ана, балабақша.Бірлесіп, қызықты ойындар арқылы ойларын жеткізді.Балалар ата-аналарға ертегілерін сахыналап берді.Ата-аналарға 1-жарты жылдықтың қортындысы бойынша балалардың деңгейі жасалып жатқан жұмыстар жүйесі түсіндірілді.
Қаңтар айының 30 күні өткізілген Ертегілер еліне саяхат атты қойылым барысында №8 “Күншуақ” мектепалды тобы Мақта қызбен мысық ертегісін сахналады.Қойылым барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнады.Ертегі қойылымының мақсаты:баланың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру сонымен қатар эмоциялық қарым қабілеттерін дамыту.Балалардың қызығушылықтарын,өздеріне деген сенімділіктерін ояту болды.
№8 «Күншуақ» тобының «Жолда жүру ережесі» ҰІӘ жүргізілді.
Сабақ барысында Қимылды ойын: «Түрлі-түсті автомобильдер», Дидактикалық ойын: «Суретті құрастыр», Дидактикалық ойын: «Бағдаршам»
Дидактикалық ойын: «Жол белгісін құрастыр» ойындары жүргізілді.Ойынға 7 бала қатысты.Балаларға жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар, велосипед, электросамокат, гироскутер, сигвейге арналған жол) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту туралы ережелерімен танысты.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай №8 Күншуақ мектепалды тобында «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық ҰІӘ өтті. Осы орайда балаларға мемлекеттік рәміздеріміз,тәуелсіз дамыған еліміздің көптеген жетістіктері таныстырылды.Мақсатымыз өскелең жас ұрпақтың санасына тәуелсіз егеменді ел екенімізді ұғындыру.
Қыркүйек айының 25-сі күні №8 Күншуақ мектепалды тобының ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналар балабақшадағы арнайы мамандармен сондай-ақ мамандардың жұмыс барысымен танысты. Мамандарға ата-аналар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып,жауаптар берілді.Сонымен қатар мамандар тарапынан маңызды кеңестерде берілді. Арнайы мамандардың ұйымдастыруымен ата-аналарға қызықты ойындар,ситуациялық сұрақтар болды. Ата-аналар жоғарғы деңгей де белсенділік танытты. Жиналыс соңында өз алған әсерлерімен бөлісті.
Қазан айының 11-і күні №8 Күншуақ мектепалды тобының қатысуымен Республика мерекесіне орай өткізілген «Денсаулық күні» атты спорттық шара өткізілді. Спорттық шара «Әрқашан отбасы мен балабақша бірге! Бірге болсақ, жетеміз тек жеңіске» деген ұранмен өтті. Балақайлармен қатар, ата-аналар да белсенділік танытты. Шараның мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу және ата-аналармен балабақша арасындағы сабақтастықты дамыту. Осындай шараларға ата-аналарды ынталандыру, ата-аналарды тарту.Шара соңында белсенділік танытқан отбасылар алғыс хаттармен марапатталды.
Қазан айының 30 күні тәрбиеші Биғайша Жайлыбайқызының ата-аналармен бірге бірлескен "Мен баламда қонақтамын" атты ашық ҰІӘ өтті.ҰІӘ тақырыбы:"Бау-бақша көкөністері" .ҰІӘ барысында балалармен қызықты тапсырмалар мен ойындар көрініс тапты.Ата-аналар сабақтың жүргізілу барысымен,сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен танысты.Сабақ соңында ата-аналар өздерінің пікірлерін білдірді.