#аталармектебі
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесінің қыр - сырын аша оның маңыздылығын түсіндіре отырып ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
№10 «Жұлдыз» тобы «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін сахыналады. Балалар ертегі барысында кейіпкерлердің рөлдеріне еніп, өздерін жан-жақты дамытты. Байланыстырып сөйлеу тілі, шығармашылық түрғыдан сөйлеу тілі дамыды. Балалар ертегі кейіпкерлерін өздері сомдап, дауыс ырғағын келтіруді үйренді.
Бүгін бізде үлкен той – Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік күні. Балалар, бір сәт тарих қойнауына үңіліп, Отанға деген сүйіспеншілігімен құрметтерін білдірді.
№ 10 «Жұлдыз» тобында “Мен баламда қонақтамын» ашық есік күні ұйымдастырылып топ тәрбиешілері мен логопед маманы интеграциялық ұйымдастырылған іс әрекет өткізді. Ұйымдастырылған іс әрекет қызықты форматта өтті, бала мен ата- ана үнемі ойынға қызығушылық таныта белсенді қатысып ізденіс үстінде болды. Балалардың жалығып кетпеуі үшін ойын әрекеттерін қызықты түрлендіріліп отырды. Ата – аналар өз ризашылық пікірлерін білдіріп кетті.
«Дені саудың жаны сау» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Ата- аналар балаларымен бірге шынығу түрлерімен таныса спорттық отбасылық сайысқа белсенді қатысып марапатталды.
Отанымыздың Республика күніне орай тобымыз «Менің Қазақстаным» тақырыбында тақырыптық шараны қазақ халқының күйімен ашып, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін өлең шумақтарымен жеткізді.