Біздің балабақшамызда осы айтулы күнге орай шағын мерекелік шара өткен болатын. Педагогтер осы елеулі мерекеде «Тәуелсіздік батырлары» туралы бейнероликтер, презентация тамашалады, жүрекжарды лебіздерін , жыр арнауларын ұсынды. Қазақ тілі мұғалімі Әдебиетова А.Д. «Тәуелсіздік тұғырым» атты викторина өткізді. Балабақша әдіскері Жумагазина Г.К. педагогтың басты міндеті бізде бар Отанға деген махаббатты, сүйіспеншілікті тәрбиеленушілерге дұрыс жеткізе білу керектігін . Тәуелсіздік күнін өткізуге байланысты арнайы нұсқаулықтар ұсынылды. Шарамыздың қорытындысы ретінде педагогтерге сыйлықтар ұсынылды.