Сұхбаттасу барысында балақайларға түрлі сұрақтар қойылды. Кішкентай кіршіксіз көңіл иелері Тәуелсіздікті алаңсыз бақытты балалық шақ, ата-аналарының аман-есен жанында болғаны, еріксіз ойнап күлгені, қуанып күліп жүргені деп жеткізді. Тәуелсіздік мерекесіне арналған жыр шумақтарын , әндерін , тақпақтарын қазақ , орыс тілдерінде шашу етті. Осындай сәтте үлгі тұтарлық өскелең ұрпақтың амандығы мен шынайы күлкісін көріп , болашаққа деген сеніммен қатар , мақтаныш, қуаныш сезімдері кернейді. Елім үшін деп соққан кішкентай жүректері патриоттық сезімдерге , сүйіспеншілікке толы бола бергей.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!