Қазақ топтарындағы бүлдіршіндер еліне деген махаббатын балдай тәтті тілімен ән, жыр-шумақтармен, тақпақтармен жеткізді. Сайыс басында қолдарын жүрек тұсына қойып, мақтаныш кернеген сезіммен әнұран шырқаған болатын. 3-4 шумақтан тұратын тақпақтар айтылды. Бейнеролик қаралып , «Әрқашан күн сөнбесін» әні шырқалды.