Балабақшамызда барлық педагогтерге арнайы «Қазақ тілі» бойынша кеңес беру сағаты өтті. Жалпы қазақ тілінен ұйымдастырылған іс-әрекетінің құрылымы мен барысында пайдаланылатын түрлі әдіс-тәсілдер бойынша кеңес берілді. Міндеттелген бағдарлама негізінде дыбыстық жұмыстар, сөздік қорды молайтуға және байланыстырып сөйлеуге арналған ойындар, грамматикалық тапсырмалар көрсетілді. Ақпарат бейнероликтер түрінде көрсетілді.