Конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Ақбота» арнайы б/б» КММ бос лауазымдарға конкурс өткізеді. Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы 15А. Электрондық пошта @akbota_sadiik11@mail.ru, байланыс телефоны 51-75-22.

Бос лауазымның атауы:
Тәрбиеші (қазақ тілінде оқытылатын топ) – 3

Тәрбиеші (орыс тілінде оқытылатын топ) – 1

Логопед (орыс тілінде оқытылатын топ) – 1

Дефектолог (орыс тілінде оқытылатын топ) – 1

Тифлопедагог (орыс тілінде оқытылатын топ) – 1

Музыка жетекшісі (қазақ тілінде оқытылатын топ) – 1

Конкурс өткізу мерзімі: 28.08.2023 жыл, сағат 10.00

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 22 тамыздан 2023 жылғы 28 тамызға дейін
Құжаттар тізбесі:
 1) Осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);    
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Педагогтердің білібін бағалау сертификаты (бұдан әрі - ПББ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).

Құжаттарды қағаз түрінде немесе электронды түрде @akbota_sadiik11@mail.ru электронды поштасына жіберуді сұраймыз.