✔1) Мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама алу үшін DARABALA.KZ порталына ата-ана ретінде кіру қажет.

2) Ол үшін жүйеге кіру батырмасын басып, «ата-ана» рөлін таңдап ЖСН мен парольды енгізу қажет.

3) Балабақша бөлімінде өтінімдер журналына өтіп, тізімнен керекті өтінішке басып, жолдаманы алу үшін өтініш мәртебесі кезекте тұруы тиіс.

4) Ашылған өтініштерде мемлекеттік балабақшаны немесе жеке балабақшаны таңдау керек. Ата-анаға баланың жасына сәйкес келетін бос орындары бар балабақшалардың тізімі көрсетіледі.

5) Ата-ана балабақшаны таңдап, жолдаманы алу батырмасын басуы қажет.

6) Ата-анаға жолдама алғаның растап, қажет болса батырманы басу арқылы жолдаманы жүктеуге болады.