Ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық ойындардың бірі асықтармен ойындар ұйымдастырылды. Балалар асықтың түрлерін, асықтың түсу қалпын үйреніп, асық ату ойынын ойнады. Түрлі түсті асықтармен түрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Содан кейін балалар ою өрнектердің түрлерін ажыратып, геометриялық пішін тәріздес оюларға сәйкес заттарды жинақтады, ою өрнекті бөлшектерден құрастырды, көлеңкесін табу жаттығуларын орындады. Наурыз туралы тақпақ, ән айтып, би биледі.