Әрбір қазақстандық кез келген мемлекеттік органға онлайн өтініш бере алады
Өтінішті Әкімдікке жазбаша түрде жіберу немесе компьютерге қолжетімділіктің 🗃Қазір Қазақстан Республикасының барлық азаматтары кез келген мемлекеттік органға «eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы бірнеше минут ішінде онлайн өтініш бере алады
«eOtinish» - 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа ҚР Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне (ӘРПК) байланысты құрылған жаңа ақпараттық жүйе
📔ӘРПК азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын жария-құқықтық дауларды реттейді
📑«eOtinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады:
🌐eGov/eGovmobile сайты;
▶️Aitu мобильді қолданбасы;
🗳Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.
ӘРПК Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды.
«eOtinish-тің» артықшылықтары:
✅Жүйеге еліміздің барлық мемлекеттік органдары қосылған, бұл көптеген өтініштерді кеңес беру сатысында шешуге мүмкіндік береді;
✅Өтінішкер өтініштің қаралу кезеңдерін жүйеде немесе SMS-хабарламалар арқылы қадағалай алады;
✅«eOtinish-те» өтініштердің қаралу барысы толық сақталады. Мемлекеттік органдар бұрындары қабылданған жауаптар мен шешімдерді ескере отырып, әкімшілік іс қалыптастырады;
✅ «eOtinish» арқылы берілген өтініштер бойынша деректер талдауы азаматтардың қажеттіліктерін анықтауға және өңірлер бөлінісінде адамдардың нақты проблемаларын көруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, өтініш берілгеннен кейін, мемлекеттік орган өтініш берушіге ❗️15 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Өтініш толық өңделмеген немесе жауап өтінішкерді қанағаттандырмаған жағдайда, ол шағым жолдай алады, ал мемлекеттік орган жаңа ӘРПК бойынша өз жауабының негізділігін дәлелдеуі тиіс.