Құрметті ата-аналар! "Ақбота" арнайы б/б КММ 03.06.2024 ж. күні darabala.kz сайтында ваканттық бос орындар жариялағанын хабарлайды.
Балабақшаға келгеннен кейін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Қабылдауға арналған жолдама;
2. Ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған
нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5. Баланың денсаулығы туралы анықтама;
6. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін);
Қызмет көрсету кестесі:
Аптаның дүйсенбі мен жұма күндері аралығында.
Уақыты: 09:00 - 18:30.
Түскі үзіліс 13:00 -14:00.