Құрметті азаматтар!
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 16 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де халық кеңсесі ғимаратында "Халық заңгері" бірыңғай акциясын өткізеді.
Акцияны өткізудің басты мақсаты халыққа және мемлекеттік органдардың өкілдеріне тегін заңгерлік кеңес беру және құқықтық көмек көрсету болып табылады. Акция барысында прокуратура мен сот органдарының қызметкерлері, кәсіби адвокаттар мен нотариустар, сот актілерін орындау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың заңгерлері тегін құқықтық кеңестер беретін болады.
Баршаңызды "Халық заңгері" бірыңғай акциясына шақырамыз. Әр түрлі салалар бойынша тегін заңгерлік кеңестер алыңыз.
Жоғары білікті заңгерлік көмек алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.