2022 жылдың 2 желтоқсанында «Ақбота» арнайы балабақшасында» Ақтөбе облыстық ғылыми - практикалық орталығымен бірлесіп «Арнайы білім беру жүйесіндегі түзету қызметтерінің жұмысы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар модераторы АОҒТО әдіскері Раисова М.А.
Семинардың бірінші бөлімінде (әдістемелік шеберлік – класс) меңгеруші Измаева Ж.Ж. "Арнайы білім беру ұйымдарында психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу" туралы айтып берді. Содан кейін педагогика және психология магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы арнайы білім беру мамандарын даярлауда дуальды оқытудың тиімділігі туралы айтты. Әдіскер Жумагазина Г.К. семинар тыңдаушыларын түзету қызметтерінің құрылымымен, сондай - ақ құжаттаманы жүргізумен таныстырды.
Семинардың екінші бөлімінде (нетворкинг) тифлопедагог Куйкенова А.К., логопед Құрманова Г.Е., тәрбиеші Умирбаева А.К. балалармен "Мультфильмнің сиқырлы әлемі", "Студиядағы сұхбат", "Буратиноға алтын тиындарды қайтаруға көмектесейік" тақырыптарында ұйымдастырылған іс-шаралар өткізді. Тәрбиешілер Хайретдинова М.С. "Көзге арналған гимнастика - көру профилактикасының тиімді құралы" атты шеберлік – класс өткізді. Тәрбиешілер Шамшиева Б.Ш., Утаргалиева Г. Т. көру қабілеті бұзылған топтарда түзету сағатын өткізді. Семинардың қорытынды бөлімінде психолог Суликанова А.К. педагогтармен психологиялық тесттер мен рефлексия жүргізді. Семинарға тифлопедагогтар, логопедтер, облыс тәрбиешілері шақырылды.