Біздің балабақшада Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Аяз ата, Ақшақар және басқа да жаңа жыл кейіпкерлері балаларға керемет көңіл-күй сыйлап, бүлдіршіндеріміз көптеген жағымды эмоциялар мен әсер алды!
Құрметті, әріптестер, ата-аналар және қымбатты балалар! Біз барша Қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз. Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Бәріміз үшін ырыс пен береке жылы болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Келер 2023 жыл елімізге, әрбір отбасыға жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін!