«Ақбота» арнайы б/б» КММ бос лауазымдарға конкурс өткізеді. Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы 15А. Электрондық пошта @akbota_sadiik11@mail.ru, байланыс телефоны 51-75-22.

Бос лауазымның атауы:

Тәрбиеші (қазақ тілінде оқытылатын топ) – 2

Тәрбиеші (орыс тілінде оқытылатын топ) – 2

Логопед (орыс тілінде оқытылатын топ) – 1

Конкурс өткізу мерзімі: 16.02.2023 жыл, сағат 13.30

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 13 ақпаннан 2023 жылғы 16 ақпанға дейін

Құжаттар тізбесі:

1) Осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);    

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).

Құжаттарды қағаз түрінде немесе электронды түрде @akbota_sadiik11@mail.ru электронды поштасына жіберуді сұраймыз.