Құрметті ата-аналар!
Балаларды балабақшадан шығаруға арналған іс-шаралар 2023 жылдың 23 мамыры мен 26 мамыры аралығында сағат 10.00-де басталады. Бұл күн біздің балаларымыз үшін қызықты әрі көңілді болады деп сенеміз.
Балабақша әкімшілігі түлектердің барлық ата-аналарына "Ақбота" б/б-ның негізгі қызметі бойынша 05.05.2023 жылғы №86 бұйрығына сәйкес ата-аналар комитеті мүшелерінің, сондай-ақ басқа да ата-аналардың балабақшада қаражат жинауға тыйым салынғаны туралы хабарлайды. Балабақшада заңсыз қаражат жинау бойынша түсетін мәселелерді шешу мақсатында 51-75-22, 55-67-02 сенім телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ, топ тәрбиешілері де заңсыз қаражат жинауға жеке жауапты болады. Ақша жинау фактілері анықталған жағдайда топ тәрбиешілеріне тәртіптік жазалау шараларын қолдану мәселесі көтеріледі.