Балабақша әкімшілігі 10.07.2023 жылдан 28.07.2023 жылға дейін балабақшаның жабылатыны туралы хабарлайды. Балабақшаны жабу кезінде келесі жұмыстар жоспарлануда:
- көлеңке қалқаларын бөлшектеу (олардың тозуы 100% құрайды);
- аумақты абаттандыру (көлеңке қалқаларын, әткеншектерді және құмсалғыштарды орнату);
- топ бөлмелерін, мамандар кабинеттерін дайындау;
- жаңа оқу жылына ас блогын дайындау (санитарлық өңдеу).
Ашық конкурс негізінде аумақты абаттандыру жұмыстарын Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Ынтымақ ауылы ЖК «Дулат» мекемесі жүргізеді.