«Ақбота» арнайы б/б» КММ бос лауазымдарға конкурс өткізеді. Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы 15А. Электрондық пошта @akbota_sadiik11@mail.ru, байланыс телефоны 51-75-22.

Біздің балабақшада Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Аяз ата, Ақшақар және басқа да жаңа жыл кейіпкерлері балаларға керемет көңіл-күй сыйлап, бүлдіршіндеріміз көптеген жағымды эмоциялар мен әсер алды!

Құрметті, әріптестер, ата-аналар және қымбатты балалар! Біз барша Қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз. Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Бәріміз үшін ырыс пен береке жылы болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Келер 2023 жыл елімізге, әрбір отбасыға жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін!

«Ақбота» арнайы б/б» КММ бос лауазымдарға конкурс өткізеді. Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы 15А. Электрондық пошта @akbota_sadiik11@mail.ru, байланыс телефоны 51-75-22.

2022 жылдың 2 желтоқсанында «Ақбота» арнайы балабақшасында»  Ақтөбе облыстық ғылыми - практикалық орталығымен бірлесіп «Арнайы білім беру жүйесіндегі түзету қызметтерінің жұмысы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар модераторы АОҒТО әдіскері Раисова М.А.

Семинардың бірінші бөлімінде (әдістемелік шеберлік – класс) меңгеруші Измаева Ж.Ж. "Арнайы білім беру ұйымдарында психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу" туралы айтып берді. Содан кейін педагогика және психология магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы арнайы білім беру мамандарын даярлауда дуальды оқытудың тиімділігі туралы айтты. Әдіскер Жумагазина Г.К. семинар тыңдаушыларын түзету қызметтерінің құрылымымен, сондай - ақ құжаттаманы жүргізумен таныстырды.